Орнату пакеттерін тарату нүктелері көмегімен тарату

Басқару тобы шегінде орнату пакеттерін тарату үшін тарату нүктелерін пайдалануға болады.

Басқару серверінен орнату пакеттерін алғаннан кейін, тарату нүктелері оларды көпмекенжайлы IP жіберілімі арқылы клиент құрылғыларына автоматты түрде таратады. Басқару тобы шегінде жаңа орнату пакеттерін IP-тарату бір рет жүргізіледі. Егер тарату кезінде клиент құрылғысы ұйымның желісінен ажыратылған болса, онда орнату тапсырмасын іске қосқан кезде клиент құрылғысының Желілік агенті тарату нүктесінен қажетті орнату пакетін автоматты түрде жүктейді.

Басына оралу